«Әйелмен әлем әдемі» сұлулық фестивалі өтті

«Әйелмен әлем әдемі» сұлулық фестивалі өтті

Сұлулық туралы ұғым әйел деген нәзік жаратылыспен үйлесімділік табатыны белгілі. Әлемге әсемдік, көркемдік, шырай сыйлаушы әйелдер қауымының қоғамдағы орны айрықша. Осы орайда «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Әйелмен әлем әдемі» сұлулық фестивалі өтті. Шараның негізгі мақсаты – нәзікжанды арулардың шеберлігін шыңдау арқылы жан-жақты дамуына мұрындық болу.

«Анаға тағзым» орталығында бір жыл бұрын ашылған сұлулық студиясының бет әрлеу шебері курсын бүгінге дейін 87, ал тырнақ әрлеу шебері курсын 79 қыз-келіншек бітіріп, сертификат алды. Аталмыш курс бітірушілердің ішінен 14 ару фестивальде бақ сынасты.