«Тараз – тарих толқынында!» атты республикалық фото байқауы

«Тараз – тарих толқынында!» атты республикалық фото байқауы

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2023 жылдың қыркүйек айында «Қала күніне» орай «Тараз – тарих толқынында!» атты республикалық фото байқауы өтеді.

Байқау қатысушылары шаһарымыздың көне тарихи, көрікті жерлерінен түсірілім ұйымдастырып, кемінде 10 фотоны баспа және электронды нұсқада, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15-не дейін Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №48 мекенжайында орналасқан ұйымдастырушысы Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің №4 кабинетіне және ovp_taraz@mail.ru электронды мекенжайына ұсынуы қажет.

Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-38-91, 8 707 438 59 49 (Зухра Мырзалиева)