
Нұрсұлтан Исабеков –
Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы
1990 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жанындағы Құрылыс және дизайн колледжін «үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» және 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында "ГАПП" ЖШС-нің техник - жобалаушысы болып бастаған.
2012 – 2013 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы;
2014 жылы "Табыс- Жоба" ЖШС бас инженері;
2014 – 2015 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің іс қағаздарын жүргізу жөніндегі курьері;
2015 – 2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің технигі, іс жүргізушісі;
2016 – 2020 жылдары "КазСтройЭкспо" ЖШС атқарушы директоры;
2021 – 2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің Жоспарлау және қала аумағын соғу секторының бас маманы;
2023 жылы 15 тамызынан бастап №287-ж/қ қала әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.