«Тараз-Арена» мен «Дельфин» жүзу бассейнінде бірқатар азаматтарға тегін және жеңілдікпен қызмет көрсетіледі

«Тараз-Арена» мен «Дельфин» жүзу бассейнінде бірқатар азаматтарға тегін және жеңілдікпен қызмет көрсетіледі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы №178 бұйрығына сәйкес, Тараз қаласында ақылы қызмет көрсететін Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы мен «Дельфин» жүзу бассейнінде 7 жасқа дейінгі балаларға, балалар үйінің мектеп жасындағы тәрбиеленушілеріне және көп балалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларына тегін негізде қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, мектеп оқушыларына, студенттерге және зейнеткерлерге баға прейскурантында көрсетілген құнын 50% жеңілдікпен пайдалана алады.

Бүгінгі күнге Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының жүзу бассейнінде аптасына 3 рет көп балалы отбасының 895 балалары тегін шұғылдануда.

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының даладағы футбол алаңында Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері (тегін) аптасына 2 рет футбол ойнайды және 2 рет бассейнге шомылады.

«Дельфин» жүзу бассейнде көп балалы отбасының 60 балалары тегін шұғылдануда (жыл басынан 180 бала спортпен қамтылды).