Бар жақсылық балаларға!

Бар жақсылық балаларға!

Тараз қаласындағы «Ана мен бала» скверінде №4 аумақтық округінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік шарада қала әкімі Бақытжан Орынбеков жас өрендерді құттықтап, ақ тілегін арнады.

Мерекеде №62 орта мектептің оқушылары ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.

Бүгін қалалық қоғамдық кеңес тарапынан аталған округтің бес мектебін үздік аттестатқа бітіріп отырған 20 оқушы мен «Алтын белгі»-ге үміткер 1 оқушыға арнайы грамота мен сыйлық берілді.

Сонымен қатар аталған округ тарапынан сайланған екі депутат демеушілермен бірге аумақта тұратын бес мүмкіндігі шектеулі оқушыға арнайы қоларба сыйлады. Сондай-ақ балмұздақ таратып, балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осы күні аумақ тазалығына жауапты қоқыс шығаратын жеке кәсіпкер де балалар арасында конкурс ұйымдастырып, спорттық шараларды қолдады.