Ыстық су беру уақытша тоқтатылады

Ыстық су беру уақытша тоқтатылады

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

2023 жылдың 1-30 маусым аралығында «Таразтрансэнерго» МКК «Таразэнергоорталық» АҚ-мен бекітілген бағдарлама аясында магистральдық және кварталішілік жылу желілерін гидравликалық қысымға сынау жүргізіледі. Осы кезеңде ыстық су беру тоқтатылады. Жұмыстар 3 бөлікке бөлінеді:

Дайындық кезеңі: 1-12 маусым аралығында РТС пайдалану учаскелері тұтынушылардың элеваторлық тораптарына металл тығындарды орнатады. Жалпы қамтитын көппәтерлі тұрғын үйлер – 1020 бірлік, жеке тұрған заңды тұлғалар – 251 бірлік.

Негізгі кезеңі: 13-26 маусым аралығында жалпы ұзындығы 208 шақырым магистральдық және ішкі кварталдық желілерді гидравликалық сынау. Сынақ барысындағы ақаулы учаскелер жедел локализацияланып, жөндеу-қалпына келтіру жүргізіледі.

Қорытынды кезеңі: 26-30 маусым аралығында жылу тораптарынан металл тығындарды алу. Тұтынушыларды орталықтандырылған ыстық су беруге дайындау. Сынақ кезінде анықталған ақаулы учаскелер жедел локализацияланады. Жазғы кезеңде кестеге сәйкес жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

2023 жылдың 1 шілдесінде ыстық су беру қайта басталады.

Жылу желісінде ағып кетулер мен зақымдалу анықталса, «Таразтрансэнерго» МКК диспетчерлік қызметіне хабарласыңыздар. Диспетчерлік қызмет телефоны – 34-37-28