Мерекелік іс-шаралар тізімі

Мерекелік іс-шаралар тізімі

20 наурыз, дүйсенбі күні Оқушылар сарайында «Наурыз – құт, береке бастауы» мерекелік бағдарламасы аясында жас өнерпаздардың концерті өтеді.

21-23 наурыз аралығында қаладағы шағын футбол алаңшаларында бұқаралық спорттық іс-шаралар өтеді. Спорттық жарыстар қала тұрғындарына, жалпы көпшілікке арналған.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Қант зауыты, Қайнар, Барысхан, Хамукат, Шөлдала, Құмшағал, Арай, Көлтоған алқаптары мен шағын аудандарында «Наурыз жаршысы» өнерпаздар күймесі концерттік бағдарламасы өтеді.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күнінде «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өтеді. Шара аясында фотоаймақ ұйымдастырылған. Сонымен қатар балалар қолөнері, робототехника көрмесі, спорттық ойындар, сауда-саттық жәрмеңкесі болады.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күнінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент саябағында «Армысың, Әз Наурыз!» атты мәдени-көпшілік іс-шара, ұлттық спорттық ойындар өтеді.