«Үкілі кәмшат» облыстық тігіншілер байқауы өтті.

«Үкілі кәмшат» облыстық тігіншілер байқауы өтті.

«Анаға тағзым» орталығында биыл екінші рет «Үкілі кәмшат» облыстық тігіншілер байқауы өтті. Байқау аясында он саусағынан өнер тамған өңірдің ісмер қыз-келіншектері бір-бірімен тәжірибе алмасып, салт-дәстүр мен ғұрыпты, ұмыт болып бара жатқан құндылықтарды дәріптеді.

Байқау барысында «Қазақ қыздарының әшекейлері» суретшілер көрмесі, үйірме қатысушыларының концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылды.

Жалпы саны 8 қатысушы «Көркіңнен сенің айналдым, еркем» «Өнерлінің өрісі кең» кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломмен және алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.