СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ ТАРАЗЫСЫ

Ертең Таразда «БІРГЕ ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясында жалпыхалықтық қалалық сенбілік өтеді.

Тазалық жұмыстары аясында меншік нысанына қарамастан барлық мекеме, ұйым ауласы, айналасы күл-қоқыстан тазаланады. Сонымен қатар көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмысы, аулаларды абаттандыру, ажарландыру жүргізіледі.

Құрметті тараздықтар! Қала тазалығы баршаға ортақ. Сенбілікке бір кісідей атсалысайық!