Электрондық өтініштер

Электрондық өтініштер

«Е-Өтініш» ҚР ӘРПК шеңберінде барлық азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу үшін құрылған бірыңғай платформа.

 eOtinish сілтемесі: электрондық үкімет порталы арқылы, Aitu және eGov мобильді қосымшаларында қолжетімді.

Жүйеде авторизациялау үшін қажет:

Өтініш берушілер үшін (eotinish.gov.kz):

 1) eotinish.gov.kz веб-порталында жеке кабинетке кіру «электрондық үкімет» порталында авторизациялау арқылы жүзеге асырылатын өтініш берушілер үшін жүйеге кіру.

 2) «электрондық үкімет» порталында авторизациялаудан өту және «Электрондық өтініштер», содан кейін «Мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне өтініштер», содан кейін «Өтініш беру» тармағын таңдау;

 3) eGov мобильді қосымшасында e-Otinish қызметін таңдау. 

  Авторизациялаудан кейін өтініш беру үшін:

  • өтініш түрі мен оны қарайтын мемлекеттік орган таңдалады;
  • өтініштің қысқаша сипаттамасы көрсетіле отырып, қажеттілікке қарай мәселе туындаған орын көрсетіледі;
  • дәлел бола алатын фотосуреттер мен қосымша құжаттар тіркеледі;
  • өтініш берушінің мекен-жайын енгізіп, қол қою және жіберу батырмасын басу қажет.

    Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген өтініште:

1) жеке  тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

2) өтініш  берілетін  әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

3) өтініштің  мәні;

4) өтініштің берілген күні;

5)арыз  иесінің немесе оның өкілінің қолы;

 6)Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Кодексте белгіленген тәртіппен берілген өтініш міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым  салынады.

 Өтініш мемлекеттік  органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға берілген жағдайда арыз иесіне күні мен уақыты, жолданымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.

Өтініш келіп түскен күні тіркеледі.  Егер өтініш жұмыс емес күні келіп түскен болса, онда ол жақын  уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.

Өтініш осы  Кодексте белгіленген  талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны  талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.

 Егер  арыз иесі өтінішті әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды  адам оны қайтарады. Өтінішті қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді .  Арыз  иесі  әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өтінішті өзінің жазбаша  арызы негізінде кері қайтарып ала алады.  Арыз иесінің өтінішті кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды. 

Егер өтініш қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскенжағдайда, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.

Одан әрі жолданған өтініш немесе оның бөлігі бойынша уәкілетті әкімшілік орган, лауазымды адам осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімді қозғайды.

Келтірілген шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды және 2 айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Өтініштерді, хабарламаларды, хабарламаны, сұрау салуларды, пікірлерді, ұсыныстарды қарау мерзімдері 15 жұмыс күнін құрайды

Осыған байланысты, өтініш берген кезде аталған кодексті және осы саладағы басқа да НҚА-ны қатаң сақтауға кеңес береміз.