Tartyl Fest турнирінің гранд-финалына Тараздан 8 үміткер қатысады.

Tartyl Fest турнирінің гранд-финалына Тараздан 8 үміткер қатысады.

Tartyl Fest турнирінің гранд-финалына Тараздан 8 үміткер қатысады.

Солардың бірі – 26 жастағы Нұрсұлтан Рахмет. Бір қызығы, Нұрсұлтан іріктеу кезінде қарсыласпен тең түсіп екі рет мүмкіндік алған. Ол іріктеу кезеңінде 18-30 аралығында тартылу саны бойынша бірінші орын алған.
«Өзім көптен бері спортпен айналысамын. Осы жарыс басталады дегеннен дайындалып күтіп жүрдім. Жалпы хоббиім – атпен серуендегенді ұнатамын», – дейді Нұрсұлтан Рахмет.

Сонымен қатар, бұл дүбірлі додаға қаладағы №5 мектептің оқушысы Әлихан Темірхан да бара жатыр. Ол іріктеу сынында 18 жасқа дейінгілердің арасында бірінші орын алған.
«Жазғы уақыт еді. Сол бір жарыс түсімдей болды. Ол кезде қосымша жұмыс істеп жүргем. Бір күні анам осындай жарыс туралы айтты. Бірінші орын аламын деп ойламадым. Дайындығым болмаса да 30 рет таза тартылып жеңіске жеттім», – дейді Әлихан Ерболұлы.

Жас спортшының қазіргі көңіл күйі ерекше. «Бұйырса, чемпион боламын!» деп аттанып барады астанаға.

Бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосып жүрген жасөспірімге біз де сәттілік тілейміз.

Айта кетейік, елордада чемпион атанған қатысушы Финляндияда өтетін Street workoutтан Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.