«Тараз – қауіпсіз қала» жаңартылған жобасын іске асыру бойынша жедел мәжіліс

«Тараз – қауіпсіз қала»  жаңартылған жобасын іске асыру бойынша жедел мәжіліс

Қала әкімі Б. Орынбеков пен қала прокуроры Ж. Сматовтың қатысуымен 2023-2024 жылдарға арналған «Тараз – қауіпсіз қала» жаңартылған жобасын іске асыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жедел мәжіліс өтті.

Басқосуда Тараз қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Н. Тилешов, Тараз қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Г. Айтбаева, Тараз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары М. Қойкенов, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің автомобиль жолдары секторының меңгерушісі Д. Айманов, Тараз қаласы ПБ-ның патрульдік полиция батальонының командирі Р. Оразбаков, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Р. Қожамжарованың баяндамалары тыңдалды.
Жауапты мамандар «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының тиімділігі мен оң нәтижесін айтып, жоба бойынша алдағы жылдарда атқаратын жоспарларын таныстырды.
Сонымен қатар, қаладағы қылмыс көп орын алатын жерлердің бақылауға алынғаны, жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу жайы да сөз болды. Сондай-ақ жобадағы бекітілген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасарына жүктелді.

Қала басшысы Б. Орынбеков осы жобаға қатысты 2023 жылға арналған нақты ұсыныстар мен жоспарларды ақпан айының басындағы бірлескен отырыста қайта талқылау жөнінде ұсыныс айтты.

Айта кетейік, 2020-2022 жылдарға арналған бұл жоба алдағы 2023-2024 жылдары да жалғасын табады. Жоба 5 бағыттан 51 тармақтан құралған.