Қала әкімі VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарына алғыс білдірді

Қала әкімі VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарына алғыс білдірді

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Шаһар басшысы VII шақырылымның экс-депутаттарына өңірдің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне үн қосып, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысып, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмыстары үшін алғысын білдірді.

– «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында ойдағыдай нәтижеге қол жеткіздік. 2 жылдың ішінде қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қала әкіміне, орынбасарларына, мемлекеттік органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына 130-дан астам депутаттық сауалдар жолданған екен. Мәселен, Төле би даңғылы, №4, 8 жатақханаларды күрделі жөндеуден өткізу, «Қызыл Абад» алқабына ауыз су тарту, Ташкент көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты бірқатар мәселелер оң шешімін тапты, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.

Бұдан кейін шаһар басшысы қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеевтің осы уақытқа дейін атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, иығына шапан жапты.

Өз кезегінде Батырбек Әбдірәсілұлы елдік мүдде жолында елеулі еңбек еткен депутаттар мен әрдайым қолдау білдірген қала әкіміне алғысын жеткізді.

Айта кетейік, биылғы жылдың 19 қаңтары күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.

Аким города выразил благодарность депутатам городского маслихата VII созыва

Сегодня аким города Бахытжан Орынбеков встретился с депутатами городского маслихата VII созыва.