Жалпықалалық сенбілік

Жалпықалалық сенбілік

Тараз қаласы аумағында 28 қаңтар, сенбі күні қар тазалау және санитарлық тазалық жұмыстарына арналған жалпықалалық сенбілік өтеді.

Құрметті облыстық, қалалық мекемелер мен кәсіпорын басшылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары, барлық кәсіпкерлік және бизнес өкілдері! Өздеріңізге қарасты аумақты қардан, күл-қоқыстан тазалап, санитарлық талаптарды орындауларыңызды, жиналған қоқысты шығару жұмысымен айналысуларыңызды сұраймыз.

Құрметті қала тұрғындары! Қала тазалығы мен көркі – баршаның игілігі. Тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысайық!