18 жастағы бойжеткен тұңғыш рет туған күнінде дауыс берді

18 жастағы бойжеткен тұңғыш рет туған күнінде дауыс берді

Сайлауға алғаш рет қатысып отырған 18 жастағы тараздықтар да дауыс беруге асығып келді. Жастар дауыс беруге үлкен жауапкершілікпен қарады және дұрыс таңдау жасағандарына сенімді. Солардың бірі Юлия Батышева. Бойжеткен әрбір патриот өз елінің болашағы үшін дауыс беруі керектігін атап өтеді.


– Мен сайлауға бірінші рет қатысып отырмын, бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен өз мақсаттарыма жету үшін, жарқын болашағым үшін дауыс беремін. Әсіресе бірінші рет дауыс беретіндер үшін тосын сыйлар ұйымдастырды. Мұндай сыйлықтарды алу өте қуанышты, маған бұл күн мәңгі есте қалатын сияқты, – деп Юлия өз әсерімен бөлісті.