Ташкент Көшесі

Ташкент Көшесі

Бүгін ТҮКШ бөлімінің мамандары жол зертханасының қызметкерлерімен бірге Ташкенсткая көшесіндегі жаңартылған асфальттың сапасын тексерді. Мамандар жол жабындысының қалыңдығын өлшеп, сапасына талдау жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында барлық жұмыстар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келетіні анықталды. Асфальттың қалыңдығы 13 см құрады. Сонымен қатар, жол зертханасының қызметкерлері жаяу жүргіншілер жолының сапасын да тексерді. Нәтижесінде, ешқандай кемшіліктер анықталған жоқ.