Жамбыл облыстық референдум комиссиясының хабары

Жамбыл облыстық референдум комиссиясының хабары

2022 жылдың 11 мамыры Жамбыл облыстық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы – А.Садубаев; облыс әкімінің көмекшісі – М.Мәтен; Жамбыл облысы прокурорының орынбасары – Н.Ұласбекұлы; облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – Б.Шыналиев; облыстық референдум комиссиясының (облыстық сайлау комиссиясының) мүшелері, аумақтық референдум комиссиясының (аудандық сайлау комиссиясының) төрағалары және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары қатысты.

Комиссия отырысында 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы; Республикалық референдумға қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру туралы; 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум алдында үгіт-насихат жүргізу туралы; 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау туралы; 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу кезінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қызметінің кейбір мәселелері туралы; Республикалық референдум алдында үгіт жүргізу кезінде COVID-19 короновирус инфекциясының таралуының алдын-алу жөніндегі шаралар туралы баяндамалар жасалды.  

         Жиын соңында, қатысушылармен қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.