ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ТОҚТАМАУ ҚАЖЕТ

ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ТОҚТАМАУ ҚАЖЕТ

Бүгін қала әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу барысын зерделеп, жиын өткізді. Қоғамдық қабылдау, есептік кездесу және бөлімдерге түскен арыз-шағымдар Ержан Жылқыбаевтың тікелей бақылауында. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында қала әкімдігіне 5901 өтініш келіп түскен. Оның 1524-не қанағаттанарлық жауап берілді. 1253 түсініктеме жазылса, 3124-і шешілу барысында. Азаматтардан түскен өтініштердің басым бөлігі жер ресурстары мен тұрғын үй саласына тиесілі. Ал, осы жылдың бірінші тоқсанында қала әкімі мен салалық бөлім басшыларының жеке қабылдауында 183 азамат қайырылған.

Оның 56-ы қала әкімінің жеке қабылдауында болған. Көтерілген мәселелер бойынша:
- 10 мәселе оң шешімін тапты;
- 2 өтініш қанағаттандырылған жоқ;
- түсіндірме берілгені – 171;
Сонымен қатар шаһар басшысының халық алдындағы есеп беру жиынында 220 ұсыныс-пікір түскен. Талап-тілектердің тиісті деңгейде орындау мақсатында арнайы жол картасы бекітіліп, мәселелер кезең-кезеңімен қаралуда. Әзірге, зерделену нәтижесінде 34 сұрақ іріктелініп, 12-і шешімін тапты.
Ержан Жылқыбаев халық тарапынан айтылған кез келген сауал жауапсыз қалмауы тиіс. Өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күннің ішінде халыққа сапалы әрі уақытылы жауап берілуі қажеттігін жауаптыларға жүктеді. Және халықпен кері байланысты үнемі басты назарда болатынын айтты.