Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Документы
Деятельность
Аппарат акима
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №173 бұйрықтарына сәйкес, қазіргі уақытта «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-Қызмет) болып бекітілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі портал арқылы жүгінген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі — ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметiн, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

- кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);

- өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

- өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

- көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

- өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету:

- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

- кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәліметтер нысаны);

- өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

- өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары, көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;

- өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

 3) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтініш;

- жер учаскесіне құқығын беретін құжаттың электрондық көшірмесі («Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасында тіркелмеген жағдайда);

- өсіп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйін көрсете отырып, объектінің аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерін түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

- өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары, көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат;- өтемдік көгалдандыру жүргізуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

-өтемдік ағаштарды отырғызудың жоспары;

-көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетіп, өтемдік ағаштарды отырғызу бойынша кепілдік хат.

Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі

Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде қаланың немесе елді мекеннің өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.

 Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.

 Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.

Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.

Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.

Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

Отырғызылған ағаш көшеттері солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделі болған тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелерді қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екі жылдың ішінде (ағаш көшетінің ұласып өсу кезеңі) олардың одан әрі күтіп бапталуын қамтамасыз етеді..

Тал ағаштарын кесуге қатысты толығырақ ақпарат алу мақсатында Төле би даңғылы №57 Б мекен-жайдағы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдықшаруащылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  немесе 8-(7262)-54-82-32, 8-(7262)-54-86-70 телефон нөмірлеріне хабарласу қажет.

 

 

Дайындаған: қалалық ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі

Дата публикации
23 ноября 2021
Направления деятельности
Жилищно-коммунальное хозяйство
Популярные новости
Нарушений не выявлено
Нарушений не выявлено
На передовую
На передовую
Наурыз готовить угощение
Наурыз готовить угощение
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития