Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

Тұрғылықты жерінен тәуелсіз Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары болуға міндетті. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады.

            Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі-азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат

             Қазақстан Республикасы азаматының паспорты-Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға олардың жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі. Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі.

              Жеке куәлік азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Жеке куәлік 10 жылға беріледі. 16 жасқа толған жеке куәлікті алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет туу туралы куәлік, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек. 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат рәсімдеуге арналған құжаттар тізімі: туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің куәлігі, 8 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

 

 

      Ж.А.Абдиев                                                                                                                         

                                                          Тараз қалалық №3 Халыққа қызмет                                                                                     

         көрсету   бөлімінің       маманы