Тараз қаласы әкімінің 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында қала тұрғындары алдында өткізген есепті кездесулері барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы

Тараз қаласы әкімінің 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында қала тұрғындары алдында өткізген есепті кездесулері барысында айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы  №190 Жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 1-12 ақпан аралығында қала әкімі 2020 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдында онлайн есепті кездесулерін өткізді.

         Қаланың 11 аумақтық округтерінде өткізілген есепті кездесулерге барлығы 3550 адам қатысты. Есепті кездесулер барысында Тараз қаласының тұрғындары тарапынан 89 ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

         Көтерілген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №712 қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітіліп,13 сұрақ бақылауға алынды.

         Бүгінгі күнге 8 мәселе орындалды:

         1) Тұрақты қалалық №27 автобус бағыты бойынша қызмет көрсетуші мекеме «ТаразТрансМоторс» ЖШС-ның басшылығына автобустардың санитарлық тазалығын, карантиндік талаптардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылып, аталған бағыттағы автобустардың тәртіп пен жол жүру ережелерінің сақталуы тұрақты бақылауға алынды;

         2) Әл-Фараби көшесінің бойындағы арық жүйелеріне тазалық жұмыстары жүргізіліп, арық жүйелері тазартылды;

         3) «Самал» (7) шағынауданындағы «Молочная кухня» дүкенінің маңында орналасқан көпірдің темірлері сырланып, көпір бетіне резеңке төсеніш төселінді;

         4) «Қарасу» (5) шағынауданындағы №8 көпқабатты тұрғын үйдің маңында орналасқан кіші футбол алаңшасына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді;

         5) В.Грушко және Автомобиль көшелеріне аншлагтар ілінді;

         6) Б.Момышұлы көшесінің (Тәуке хан көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейін) жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді;

         7) Қарасу-2» каналының жағалауындағы («Самал» (7), «Алатау» (8) шағынаудандарының аралығы) кеміргіштерді (егеуқұйрықтар) жою шаралары атқарылды;

         8) С.Юлаев көшесінің су құбырларына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қалған сұрақтардың орындалуы тұрақты бақылауда.

Мейірхан Аманғали Мейірханұлы

Тараз қаласы әкімі аппаратының

ұйымдастыру-инспекторлық

бөлімшесінің басшысы