Кеңес отырысына кеңес мүшелері, діни бірлестіктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Отырыста қала әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен жастар ресурстық орталығының Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарған жұмыстары және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен қала аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Басқосу дарысында қала әкімінің орынбасары А.Садубаев діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жандандыруды және жастар арасында теріс діни бағыттарының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.