Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі 2021 жылы 15 қазанда сағат 10:00-дe (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

            Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

            Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

            Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін:

- жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

             2) заңды тұлғалар үшін:

- бизнес сәйкестендіру нөмірін  (бұдан әрі – БСН), толық  атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

            3) кепілдік жарнаны қайтару үшін  екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу  шотының деректемелерін;

             4) байланыс деректерін  (почталық мекенжайы, телефоны, факс,  e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. 

            Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

            НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша  тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

            Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

            Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

            Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен рәсімделеді, оған сатушы және жеңімпаз  ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

            Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

            Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде жасалынып және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып оған қол қояды.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарна қайтарылмайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

 

 

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

Қатар саны

Жер учаскесінің мекен-жайы

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Жер учаскесінің ауданы  (га)

 

 

Сату объектісі (құқық түрі)

 

 

 

 

Жер учаскесіне

шектеулермен

ауыртпашылықтар

Бастапқы баға (теңге)

Кепілдік жарна жер учаскесінің             5 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге)

Жер учаскесіне           1 жылға   қойылатын салық мөлшері

(теңге)

1

Тараз қаласы,               4-ші Мелиораторов бұрылысының бойы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,1665

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

62 338

 

 

 

145 850

 

 

 

16 800

2

Тараз қаласы, Ж.Сыздықов көшесінің соңы, Темір жол колледжінің маңы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0805

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

50 232

 

 

 

145 850

 

 

 

8 493

3

Тараз қаласы, Саңырақ батыр көшесі мен Б.Момышұлы көшесінің 1-ші бұрылысының қиылысы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0810

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

75 816

 

 

 

145 850

 

 

 

9 655

4

Тараз қаласы, «Телеорталық» алқабы, №1 үйдің маңы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0196

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

24 461

 

 

 

145 850

 

 

 

2 697

5

Тараз қаласы, Мелиораторов көшесінің маңы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0300

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

11 232

 

 

 

145 850

 

 

 

3 027

6

Тараз қаласы, «Строитель» көлікжай кооперативінің маңы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0050

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

3 120

 

 

 

145 850

 

 

 

528

7

Тараз қаласы, «Қарасу» алқабы №20 үйдің маңы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0020

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

1 872

 

 

 

145 850

 

 

 

238

8

Тараз қаласы, «Химик» тұрғын алқабы, Арычная көшесінің бойы

Антенна-мачтасының құрылғысын орнату үшін

0,0055

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

2 059

 

 

 

145 850

 

 

 

555

9

Тараз қаласы, 1-ші Целиноград бұрлысының бойы

Үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0300

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

 

 

 

11 232

 

 

 

145 850

 

 

 

3 027

10

Тараз қаласы, Тәуке хан көшесінің бойы, «Жансая» шағынауданы, №5 тұрғын үйдің маңы

1,2,3, классты жолаушыларға қызмет көрсететін отырғызу түсіру такси бекет алаңшасын ұйымдастыру үшін

 

0,0168

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

15 725

 

 

 

145 850

 

 

 

2 003

11

Тараз қаласы, Асқаров көшесінің соңы

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0100

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

6 240

145 850

1055

12

Тараз қаласы, Жібек жолы және Балуан Шолақ көшелерінің қиылысы

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін

0,0050

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

6 240

145 850

688

13

Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысы

Жарнамалық LED экран орнату үшін

0,0006

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

749

145 850

83

14

Тараз қаласы, С.Сейфуллин көшесінің бойы «Талас» шағын ауданы №9 тұрғын үйдің маңы

Жарнамалық LED экран орнату үшін

0,0006

3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

562

145 850

72

Ұйымдастырушы:  «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (7262) 45-41-17.