Президент Қасым-Жомарт Тоқевтың тапсырмасымен бүгінде «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет құруға талпынып жатырмыз. Мемлекет басшысы бұл тұрғыда жергілікті жердегі атқарушы орган халықтың атқарылып жатқан әрбіс іске, қоғамға деген көз қарасын, ой-пікірін, тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайын тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы білуіп отыруы керектігін міндеттеген еді.
Осы мақсатта тараздық тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты мен көңіл-күйіне және қауіпсіздік пен құқықбұзушылыққа қатысты зерделеу жүргізілді. Аталған сауалнамаға шаһардағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды бағалау, отбасылық жағдай, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер, миграциялық және этносаралық ахуал, қала әкімі аппаратының бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қызметінің тиімділігі, азаматтардың мүліктік қорғалуы, қылмыстың алдын алу мәселелері, проблемаларды шешудегі атқарушы органдарға қанағаттану деңгейіне арналған сұрақтар енгізілген.
Тараздың 1358 тұрғыны қатысқан зерделеудің нәтижесі Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Басқосуға қала әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласының прокуроры, қалалық полиция басқармасының бастығы, қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, қала әкімінің бас инспекторлары қатысты.