Тараз қаласы №7 аумақтық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Тараз қаласы №7 аумақтық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті
Бүгін №7 аумақтық округіне қарасты «Дос-Нар» сауда орталығының маңында кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қала әкімі Ержан Жылқыбаев пен әкімдікке қарасты бөлім басшылары мен мамандары қатыстқан жиында 25 тұрғынды қабылдаған шаһар басшысы, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, тиісті саланың мекеме басшыларына тапсырманың тез арада шешілуін тапсырды.
Қабылданған 60-қа жуық қала тұрғыны сауалдарының ішінде 70% тұрғын-үй, коммуналды-шаруашылық, 20% әлеуметтік, қалған 10% түрлі мәселелер.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан тұрғындар тарапынан тіркелген әрбір мәселе бойынша уақытылы кері байланыс орнатылып, нақты шешім табу үшін комиссия құрылып, жан-жақты зерделенетін болады.
Көшпелі қоғамдық қабылдау әр жұма сайын тамыз айына дейін барлық аумақтық округтерде өткізіледі.