Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыру

  Ағымдағы жылдың шілде айының 9 күні сағат 9 00-де Тараз қаласының қалалық әкімдігінің мәжіліс залында,қала әкімінің орынбасары Садубаев Алмас Қадірбекұлының төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша тиісті мекеме өкілдерімен отырыс өткізді.
Отырыста, қала аумағындағы ғимараттарды мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол жетімді етіп бейімдеу бойынша мәселелердің шешімін табу туралы сөз қозғалды.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қалалық комиссия жұмысы туралы Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлбахрам Тұрсынқызы Дүйсекова баяндады.
Отырыс жұмысына қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Арын Ильясұлы Асқарбеков қатысып, сайлау учаскелері орналасқан ғимараттардың қол жетімділігі туралы өз ойымен бөлісті.
Жиынның қорытындысы бойынша қалалық деңгейде арнайы комиссия құрылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ғимараттарға қол жетімділігі бойынша мониторинг жұмыстарымен айналысатын болды. Құрылатын комиссия - әріжұмысшы тобы болып та табылады.