Жаңа электронды қызмет: заңсыз құрылыс бойынша өтініш қабылдау

Жаңа электронды қызмет: заңсыз құрылыс бойынша өтініш қабылдау

Тараз қаласының тұрғындары назарына!

Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі E-Jambyl порталында жаңа электронды қызметтің іске қосылғанын хабарлайды.

Енді тұрғындар «Заңсыз құрылыс бойынша өтініш қабылдау» қызметі арқылы ықтимал заңсыз құрылыс фактілері туралы үйден шықпай-ақ онлайн өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін:

E-Jambyl порталына ЭЦҚ арқылы кіру;
нысанның мекенжайын көрсетіп, картадан белгілеу;
фотосуреттер мен қажетті құжаттарды тіркеу;
өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Сондай-ақ өтінішті Telegram-бот арқылы беруге болады.

Өтініш қаралғаннан кейін, қажет болған жағдайда материалдар Жамбыл облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданады. Қарау нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.

Өтініш беру:

E-Jambyl порталы:
e-Jambyl порталы

Telegram-бот:
Telegram-бот

Сіздің өтінішіңіз заңсыз құрылыс фактілерін дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.