«Қыздарға әсемдік жарасады» атты байқау

«Қыздарға әсемдік жарасады» атты байқау

Тараз қаласындағы №67 орта мектепте қалалық Ардагерлер кеңесі мен Аналар алқасының ұйымдастыруымен «Қыздарға әсемдік жарасады» атты байқау өтті.

Байқауға қатысқан қыздар ұлттық дәстүр мен өнерді дәріптеп, өзара бақ сынады. Сайыс «Қос бұрым – ұлттық сән», «Таныстыру», «Дәстүрді дәріптейік», «Өнерлі қыз» және «Сымбат пен сән үйлесімі» кезеңдері бойынша ұйымдастырылды.

Қатысушылар шаш үлгілерін таныстырып, ұлттық салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ өнерлерін ортаға салып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін көрсетті.

Байқау соңында үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.