
Бүгін Таразда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Тараз қаласында «World Cleanup Day» халықаралық экологиялық акциясы өтті.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қаланы абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды мақсат еткен акция барысында шаһардың бірқатар аумағында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Мамыр» саябағында, «Бәйтерек» шағынауданында және «Қарасу» шағын ауданындағы канал аумағында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Экологиялық шараға 5 мың адам атсалысып, 20 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында шаһар аумағынан шамамен 5 мың тонна қоқыс шығарылды.
Ауқымды акцияға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, басқарма және бөлім басшылары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны қорғауға зор үлес қосты.