Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Жиында әуелі шаһардағы жол жөндеу жұмыстарының барысы баяндалды.

Бүгінде қалада 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес жалпы ұзындығы 34,7 шақырымды құрайтын 42 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар «Арайстроймаркет-2003» ЖШС мердігерлігімен Рысбек батыр көшесінде және «Арайстрой-GROUP» ЖШС мердігерлігімен Қойгелді көшесінде жүргізілген жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Келесі кезекте шаһардың жылумен қамтамасыз ету жұмыстары қаралды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 14 сәуірі мен 14 мамыры аралығында жылу құбырларына гидравликалық сынақ жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 76 ақаудың барлығы қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда жылу желілерін қайта жаңғырту бағытында қалада 3 ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жобалар аясындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын 1 қазанға дейін толық аяқтау жоспарланған.

Кеңес барысында қаладағы су құбырларын ауыстыру жұмыстары да назарға алынды.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі жауапты сала басшыларына барлық жұмыстарды белгіленген мерзімнен кешіктірмей, сапалы әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды.