Қала аумағындағы заңсыз орнатылған нысандар алынуда

Қала аумағындағы заңсыз орнатылған нысандар алынуда

Тараз қаласында қала аумағын ретке келтіру және абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Әулиеата ауданы аумағында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес заңсыз орнатылған нысандарды анықтап, алып тастау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда.

Кезекті жұмыстар барысында «Ұлы дала» (15) шағын ауданындағы №104 үй маңындағы заңсыз дүңгіршек, сондай-ақ Әл-Фараби көшесі, 48 мекенжайында заңсыз орналастырылған контейнер алынды.

Жұмыстар қала аумағының көркін сақтау, ретсіз орналастырылған нысандарды жою және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жалғасуда.