
Құрметті қала тұрғындары!
5 қыркүйек күні Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруалардың таза әрі табиғи өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Өтетін орны: Жастар аллеясы, Ыбырайым Сүлейменов – Желтоқсан көшелерінің қиылысы.
Күні: 5 қыркүйек
Уақыты: 9.00 - 16.00 аралығы
Қала тұрғындарын жәрмеңкеге келіп, жергілікті өндірушілердің өнімдерін сатып алуға шақырамыз!