Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері ұсынылып, тұрғындарға азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілуде.

Сауда сөрелерінен ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін кездестіруге болады.

Жәрмеңке қала тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп, жергілікті шаруалар мен тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.