Заңсыз қоқыс тастағандар жылжымалы камера арқылы анықталады

Заңсыз қоқыс тастағандар жылжымалы камера арқылы анықталады

Қала аумағында тазалық талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Жасыл ел-Тараз» мекемесі жылжымалы камералар орнатты .

Камералар қоқысты белгіленбеген орындарға тастау, сондай-ақ қоқыс алаңшаларына шығаруға болмайтын құрылыс материалдары, ірі көлемді және өзге де қалдықтарды тастау жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар арнайы QR-код та орнатылған. Тұрғындар QR-код арқылы тазалыққа қатысты өз өтініштері мен ұсыныстарын жолдай алады.

Тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан қаланың тазалығын сақтау әр тұрғынның жауапкершілігі.