
Тараз қаласында жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар қаланың әртүрлі учаскелерінде жүргізіліп, жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалардың қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсартуға бағытталған.
Жұмыстар келесі мекенжайларда жүргізілуде:
Әл-Фараби көшесінен Шостакович көшесіне қосымша бұрылыс;
Төле би көшесінен Әл-Фараби көшесіне қосымша бұрылыс;
«Бәйтерек» шағын ауданы, 27;
№3 лицей маңында;
«Бәйтерек» шағын ауданы, 28;
«Бәйтерек» шағын ауданы, 16;
«Бәйтерек» шағын ауданы, 11;
Тұманбай Молдағалиев көшесі, 44;
Әйтеке би көшесі, №8 гимназия маңында;
«Құмшағал» шағын ауданы;
Солтүстік көшесі, 13/3В;
Төле би көшесі, Қайрат Рысқұлбеков саябағы маңында;
«Құмшағал» шағын ауданы, Сейфуллин көшесі, 2А;
№19 мектеп маңында;
Абай көшесі;
Т. Рысқұлов атындағы саябақ алдында;
Абай даңғылы, 121/2;
Жамбыл облысы әкімдігі маңында;
Абай даңғылы, 133А;
Қапал тұрғын ауданы, мешіт маңында;
Қалаур әкім көшесі, 40.