
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Атап айтқанда, №58 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді талқылады. Сайлау учаскесінің материалдық-техникалық дайындығына, комиссия мүшелерінің әзірлігіне және сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға назар аударылды.