Таразда қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді

Таразда қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді

Таразда қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бірыңғай сәулеттік стиль қалыптастыру мақсатында орталық көшелер бойындағы тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жобасы жүзеге асырылуда.

Биыл осы жоба аясында Ы.Сүлейменов көшесінің бойында орналасқан 9 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсартуға және заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда аталған 9 тұрғын үйде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде жобаның шамамен 60 пайызы аяқталған. Қалған жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасып жатыр. Тұрғын үйдің қасбеттерін жаңарту жұмыстарын биылғы қазан айына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.