
Таразда жалпы білім беру мекемелеріне жақын орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдеріне жол таңбаларын салу және жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстар Әйтеке би көшесіндегі №8 мектеп-гимназия маңында, Қазыбек би көшесіндегі №13 мектеп жанында, Қызыл Жұлдыз алабындағы Н. Ақшабаев атындағы мектеп маңында, сондай-ақ «Бәйтерек» (13) шағын ауданындағы №66 мектеп пен №3 мектеп-лицей маңында жүргізілді. Сонымен қатар, Жалаири көшесіндегі №7 гимназия жанындағы жол таңбалары жаңартылды.
Мектептер маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту балалардың қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысына қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жүргізушілерді білім беру нысандарына жақын орналасқан жол учаскелерінде ерекше мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.