
Тараз қаласындағы Сұлутөр, Шайқорық және Қоңыртөбе алаптарындағы кітапханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу барысында ғимараттардың ішкі келбеті жаңартылып, оқырмандар үшін жайлы оқу залдары, «Коворкинг» білім беру орталықтары ашылып, тегін интернет желісі қолжетімді болды.
Кітапханаларда «Виртуалды анықтамалық қызмет», «Дауыстап кітап оқу – руханиятқа талпынысты ояту», «Жастар – кітап әлемінде», «Жазғы оқу залы», «Құнды өлкетану құжаттарын цифрлау», «Кітап оқы, талқыла, суретте» және «Жаңа кітаптарға – жарқын жол» жобалары жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары цифрланып, электронды форматқа енгізілуде. Ал жаңа кітаптар «Jambyl» телеарнасы арқылы оқырманға таныстырылып келеді.
Жаңартылған кітапханалар тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, сапалы білім мен мәдени демалысқа қолайлы мүмкіндік ұсынады.