№27 кіші футбол алаңшасы жаңартылды

№27 кіші футбол алаңшасы жаңартылды

Тараз қаласының «Көлтоған» алқабында орналасқан №27 кіші футбол алаңшасында жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға, әсіресе балалар мен жастарға қауіпсіз әрі жайлы спорттық орта қалыптастыру. Жөндеу барысында алаңшаның техникалық жағдайы жақсартылып, оны пайдалануға қолайлы ету бағытында қажетті жұмыстар жүргізілді.

Жаңартылған алаңша енді тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосады. Бұл – балалардың спортпен тұрақты айналысуына, жастардың белсенді демалуына және аула тұрғындарының бас қосатын қолайлы орнына айналатын маңызды нысандардың бірі.