
Қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілер жолақтарын жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Жаңарту жұмыстары келесі аумақтарда жүзеге асырылды:
* №16 мектеп маңы;
* Теміржол вокзалы;
* 14 шағын аудан, лицей алды;
* Сыпатай батыр көшесі, №18;
* «Гранд Базар» маңы;
* Тонкуруш аумағы, Жамбыл даңғылы.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер өткелдерінің көрінуін жақсарту және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол таңбалары жаңартылып, тиісті белгілер ретке келтірілді.
Аталған жұмыстар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.