
Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлауға дайындық мәселелері қаралды.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізуге дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.
Жиын барысында Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Уалихан Байдуанов сайлауды ұйымдастыру тәртібі мен дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. Сонымен қатар сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы, резервтік электрмен қамту, интернет және байланыс желілерінің дайындығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру, үгіт-насихат материалдарын орналастыру орындарының әзірлігі және өзге де маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Кеңес қорытындысында қала әкімі жауапты бөлімдер мен мекемелерге сайлау процесін заң талаптарына сәйкес ашық, әділ әрі жоғары деңгейде өткізу үшін дайындық жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ барлық жауапты органдардың үйлесімді әрі жүйелі жұмысы сайлауды сапалы ұйымдастырудың басты кепілі екені атап өтілді.