
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
2026 жылғы 4 шілде күні Тараз қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтеді.
Іс-шараның мақсаты – қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауын насихаттау.
Осыған орай қала тұрғындарын, кәсіпкерлерді, мекеме қызметкерлерін, жастар мен еріктілерді аталған іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.
Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік!