
Астана күні мерекесіне орай Техникалық шығармашылық орталығының «Авангард» филиалында «Астана – ел мақтанышы» атты тәрбиеленушілердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде жас өнерпаздардың қолөнер, сурет және техникалық бағыттағы шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Туындылар арқылы тәрбиеленушілер елордаға деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық ізденістерін көрсетті.
Іс-шара жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайтып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.