
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған жиын өтті.
Жиын барысында жаңа Конституцияның тарихи маңызы, Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының негізгі басымдықтары және оларды өңірлік деңгейде іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыруды дамыту және адам капиталына инвестиция салу бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен халық алдындағы жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүйелі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Жиын қорытындысында жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды өңірде тиімді іске асыру және Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды сапалы орындау бағытында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы айтылды.