Жаңа конституцияның басымдықтары түсіндірілді

Жаңа конституцияның басымдықтары түсіндірілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай Тараз қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Осыған орай Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымымен және жас мамандармен кездесті.

Кездесу барысында жаңа Конституцияның тарихи маңызы мен ел дамуының жаңа кезеңіндегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған бес стратегиялық бағыт – мемлекеттік басқаруды жетілдіру, экономиканы жаңа үлгіге көшіру, энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетті нығайту, цифрлық мемлекетті дамыту және адам капиталын арттыру мәселелері сөз болды.

Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, жаңа Конституцияның жастарға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуына беретін мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

Кездесу соңында жаңа Конституцияда белгіленген қағидаттарды қолдап, заң үстемдігі мен әділетті қоғам құру жолында бірлесе еңбек етудің маңыздылығы атап өтілді.