Уақытша жол жабылады

Уақытша жол жабылады

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

«Алатау» шағын ауданының орамішілік жылу желілерін қайта құру ЖҚ-849 (сол.), ЖҚ-851, ЖҚ-852, ЖҚ-854 (сол.)» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты С.Сейфулин мен Б.Момышұлы көшелерінің қиылысы (С.Сейфуллин көшесінің бойы) 2026 жылғы 19 маусым сағат 20:00-ден бастап 3 тәулік мерзімге толықтай жабылып, барлық автокөлік қозғалысына уақытша тыйым салынатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!