
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында кезекті рет тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрғын үй, «Тектұрмас» алабын жарықтандыру, талдарды кесу, «Жеңіс» саябағының тазалығы және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар қоғамдық көліктердің қызметі, зираттарды қоршау, корорекциялық балабақша ашу секілді маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады.
Шаһар басшысы өз кезегінде әрбір сауалға нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің барлығы заң аясында өз шешімін табатынын атап айтты.