Таразда көкөніс сақтайтын заманауи қойма өз жұмысын бастады

Таразда көкөніс сақтайтын заманауи қойма өз жұмысын бастады

Тараз қаласының Әулиеата ауданына қарасты Шайқорық алқабында орналасқан «Каусар» көтерме салқындатқыш қоймасы өз жұмысын бастады.

Жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайтын нысан бір мезетте 4000 тоннаға дейін көкөніс пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялармен жабдықталған қойма өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға және азық-түлік қорын тиімді басқаруға жағдай жасайды.

Аталған нысан өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, ішкі нарықты тұрақты азық-түлікпен қамтамасыз етуге өз үлесін қоспақ.