Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

Бақытжан Орынбеков тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында қала тұрғыны Айгерім Сүгірбекова тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек көрсету мәселесін көтерді. Тұрғын өз өтінішін жеткізіп, аталған мәселелер бойынша қолдау көрсетуді сұрады.

Сонымен қатар қабылдауға келген өзге де азаматтар жер қатынастары, жол жөндеу, аумақтарды абаттандыру, қоқыс шығару және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты мәселелерін ортаға салды.

Қала әкімі көтерілген барлық мәселелер заң аясында қаралып, кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштері бақылауда болатынын атап өтті.